Атпен күрес бойынша әлемдік федерация

2023 жылы «Аударыспақ» федерациясы президентінің бастамасымен дәстүрлі атпен күрес түрлерін сақтап, дамытып келе жатқан елдерді біріктірген Атпен күрес бойынша әлемдік федерация құрылды.

Оның құрылуы дәстүрлі атпен күрес түрлерін халықаралық деңгейде дамытудағы және ат ойындары тарих, мәдениет пен спорт мұрасының бөлігі болып табылатын елдерді біріктірудегі маңызды қадам болды.

Әлемдік федерация жарыстар өткізу, тәжірибе алмасу, спортшыларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындау үшін бірыңғай халықаралық кеңістік қалыптастырады.

Әлемдік федерацияның мақсаттары

  • ұлттық федерациялар мен спорт ұйымдарын біріктіру;
  • атпен күресті халықаралық деңгейде дамыту;
  • бірыңғай ережелер мен жарыс стандарттарын әзірлеу;
  • халықаралық чемпионаттар мен турнирлер өткізу;
  • төрешілер мен жаттықтырушыларды дайындау және біліктілігін арттыру;
  • қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасу;
  • спортшылар мен жылқылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • дәстүрлі ат спорты түрлерін насихаттау;
  • қатысушы елдер географиясын кеңейту;
  • халықтар арасындағы мәдени және спорттық байланыстарды нығайту.

Қатысушы елдер

Қазақстан
Қазақстан
Қырғызстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Өзбекстан
Мажарстан
Мажарстан
Қытай
Қытай
Моңғолия
Моңғолия
Ресей
Ресей

Қосылу туралы келіссөздер жүргізілуде

Әзірбайжан
Әзірбайжан
Грузия
Грузия
Польша
Польша